Фото: ©️ instagram/panfilovsky_okrug
Алматы облысы Талғар ауданындағы Панфилово ауылында жергілікті белсенділер ауыл әкімін қорғап, жиын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Алаңдауға "қоғам қайраткерінің арызынан кейін әкім жұмыстан шығарылмақ" деген жұрт арасында тараған ақпарат себеп болған.
"Дулат Маратұлы Дауталиев келгеннен кейін ауылда жұмыс барысы қозғала бастады: асфальт төсеу, жарықтандыру, балалар алаңқайлары, мерекелер ұйымдастырылады... және т.б. Мысалы, өрт сөндіру депосының ашылуы. Қараусыз жануарларға арналған құрылыс. Дағдарыс орталығын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Енді биылға жоспар құрылып жатқанда, биыл не істелетіні шешіліп жатқанда, мынадай жағдай... Әкім мен оның орынбасары бізбен үнемі байланыста, бірде-бір өтініштен бас тартқан жоқ, мәселені бірге шешуге тырысамыз. Енді, бір адамның кесірінен бәрін жоққа шығарамыз ба?", – деп жазды ауыл тұрғындары.
Жиынға келген Талғар ауданы әкімінің орынбасары жиналғандарды "әкімнің жұмысына жаппай шағым жоқ екенін және ол қазіргі уақытта орнынан алынғалы жатпағанын, жоғарыдағы әкімдердің бұған құқығы жоқ" екенін айтып, сендірді.