Фото: «Әлем аруы Қазақстан - 2023» ұйымдастырушыларынан
2024 жылғы 28 қазанда «Әлем аруы Қазақстан - 2023» атағының иегері Мәдина Әлмұханова Қазақстанның намысын қорғап, ең беделді халықаралық сұлулық байқауларының бірі «Әлем аруы-2024» байқауына қатысу үшін Мексикаға аттанады Әлемдік байқаудың финалы Мехико қаласында 16 қарашада өтеді.
Байқауға дайындық 29 қазанда басталады, сол кезде әлемнің түкпір-түкпірінен делегаттар келіп тіркеліп, киімдерін киіп көреді. Қатысушыларды қарбалас бағдарлама кестесі күтіп тұр: презентация, «Катринас» гала-концерті, хореографиялық жаттығулар және қазылар алқасымен сұхбат. 16 қарашада өтетін қорытынды гала-концерт пен тәж кию рәсімі болады.
Мәдина әлемдік байқаудың сахнасына қырғыз дизайнері Арзубек Вонама тіккен бірегей ұлттық киіммен шығады. Костюм Қазақстанның символы – «Бәйтерек» монументінен (Қазақстан Республикасы астанасының орталығындағы) шабыт алып, тігілген.
Фото: «Әлем аруы Қазақстан - 2023» ұйымдастырушыларынан
Дизайнердің сөзінше, байлық пен жомарттықты бейнелейтін костюмнің ашық сарғыш реңктері елдің мәдени мұрасын ғана емес, болашаққа деген батыл көзқарасын да айшықтайды. Мәдинаның «Әлем аруы-2024» байқауына арналған ұлттық киімі – еліміздің өркендеуі, бірлігі мен болашақ гүлденуіне деген ерекше құрмет. Оның көйлегі Бәйтеректің құрылымын ғана емес, сонымен қатар оның терең мәдени мәнін ашады, дәстүрді болашаққа деген батыл көзқараспен үйлестіреді.
Көйлек Қазақстанда байлықтың, жомарттық пен әділеттіліктің белгісін білдіретін ашық алтын түсте тігілген. Көйлекті елдің мақтан тұтатын мұрасымен байланыстыруға болады және бұл түс елтаңбада да кездеседі. Дәстүрлі «шекпен» стилінде тігілген көйлек – қолайсыз ауа райында қорғаныш жамылғы және сәнді жазғы киім ұзын әрі кең плащ. Мәдинаның киіміне қосылған шекпен элементі тарихта қадірлі адамдарға берілген.
Мадинаның бейнесін толықтыра түсетін әшекей бұйымдар мен бас киімді қазақстандық Merhat компаниясының туындысы.
"Әр бұйым қазақ әйелінің күш-қуатын мен сымбатын көрсететін терең мағынаға ие. Мүйіз – күш пен қорғаныш белгісі, ал қаз мойын– әсемдік пен даналықтың белгісі, алқа, білезік, сырғаларға көрік береді. Бұл элементтер әйелдік күш-қуат пен нәзіктік үйлесімін, сондай-ақ Қазақстанның мәдени дәстүрлерімен байланысын атап көрсетуге арналған", -деп отыр автор.
Мәдина Әлмұханова 18 жасынан бастап D&G, Intertop, Gucci, YSL және т.б. ірі брендтердің шоуларына қатысып, кәсіби түрде модельдікпен айналысады. Бүгінде ол сұлулық байқауларында топ жарып қана қоймай, Чайковский атындағы музыкалық колледжді хормейстер-дирижер мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби түрде ән айтып, фортепианода ойнайтын ол болашақта өзінің жеке музыкалық альбомын шығаруды армандайды.