09 жел, 2025 сағат 10:50

Алдағы күндері 33 градус аяз болады: ТЖМ ескерту жасады

Фото: zakon.kz


Төтенше жағдайлар министрлігі алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болатынын ескертті, деп хабарлайды Ult.kz.


Ведомствоның мәліметінше елімізде ауа райы күрт өзгереді.


«Қатты аяз болып, қар жауады, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді деп болжанып отыр. Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында 20-33 °C қатты аяз болады», - деп жазылған хабарламада.


СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады. Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО облыстарында көктайғақ болады.


Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтап, алысқа жол жүруді шектеп, жылы киініп жүру қажеттігін ескертті.