08 мам, 2020 сағат 12:46

Алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ел аумағына жылжыған циклоны республиканың оңтүстік облыстарына өз ықпалын тигізіп, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің күшеюі, дауыл, бұршақтың түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыс бағытында ығысып, циклон бірінші орталықта, содан кейін еліміздің солтүстігінде жаңбыр және ауа температурасының аздаған төмендеуіне алып келеді», - делінген хабарламада. 

Тек солтүстік-шығыс пен шығыста атициклон сілемінің ықпалынан ауа райы шуақты, жауын-шашынсыз сақталады.