Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы аясында «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жаңа кітаптарының тұсауы кесілді.
Бүгінгі күні 10 мың дана таралыммен философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика сияқты пәндер бойынша 18 оқулық аударылып, жарыққа шығарылды.
«Жыл аяғына дейін әлі де 30 кітапты аудару жоспарланып отыр. 2018 жылғы қыркүйектен бастап олардың барлығы оқу үрдісінде қолданылатын болады. Бұл оқулықтардың электронды нұсқасы Ұлттық аударма бюросының сайтына салынатын болады, онда қызығушылық танытқан адамдардың барлығы оларды тегін пайдалана алады», - деді Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бас менеджері Нұрлыхан Хасенов.
Аудармалар түпнұсқадан тәржімаланды. 18 оқулықтың он алтысы ағылшын тілінен, біреуі – француз және енді біреуі орыс тілінен аударылды. Аударма үшін оқулықтар белгілі бір критерийлер бойынша таңдалынды.
«Біріншіден, олар әлемнің жүз университетінің оқу бағдарламаларында қолданылуы тиіс, екіншіден, кітап кемінде үш рет қайта басылып шығуы тиіс және үшіншіден, оқулық мазмұны жағынан идеологиялық бейтараптық талаптарына сәйкес келуі керек. Аудару процесіне мамандар арасынан 40 үздік аудармашы тартылды», - деп сөзін жалғастырды Нұрлыхан Хасенов.
Ақтөбе облысының жоғарғы оқу орындары бүгінгі таңда 6422 дана кітап алды. ЖОО мен АООО-да, сондай-ақ, Ақтөбе облысының аудандарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша алғашқы 18 кітаптың тұсаукесері болды, онда ғалымдар мен студенттер арасында оң пікірлерге ие болды.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылған болатын.