Фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік азаматтар ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазанда Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан.
"Апат салдарынан екі жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ екі көлік құралының екі жолаушысы әртүрлі жарақатпен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады" - делінген хабарламада.