Фото: ТЖМ
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін, жексенбі күні Ақтау қаласына арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді, деп хабарлайды ult.kz.
“ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында”, деп жазылған хабарламады.