Фото:Азамат Сарсенбаев / Reuters
25 желтоқсанда Ақтауда болған ұшақ апатын зерттеу қорытындысы 2025 жылдың аяғына дейін жариялануы мүмкін. Бұл туралы Ult.kz Қазақстан көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Әуе апатын зерттеу құзырлы халықаралық сарапшылардың бәрінің қатысуымен жүріп жатыр. Қазақстан заңдары мен ICAO стандартының 13-қосымшасына сәйкес, алдын ала есеп әуе апаты болған күннен 30 күн ішінде жариялануға тиіс. Айта кетерлік жайт, комиссия, 13-қосымшасына сай, тергеуді 12 айдың ішінде аяқтауды көздеп отыр", - деп хабарлады Қазақстан көлік министрлігі.
Бұған дейін бразилялық G1 порталы әзербайжандық AZAL ұшағының "қара жәшігін" Бразилияға сәрсенбі күні жеткізілгенін хабарлаған. "Қара жәшікті" ашу 2 қаңтарда (Баку уақытымен 3 қаңтар) басталған. Қара жәшіктердегі деректер Бразилияның Әскери-әуе күштері (Força Aérea Brasileira – FAB) мамандарының қатысуымен талданады. Алынған ақпарат оқиғаны талдауға және тергеуге жауапты агенттік – Қазақстанның Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясына беріледі.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Баку - Грозный бағыты бойынша бет алған ұшақ Ақтауда апатқа ұшырады. Дерек бойынша ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, олардың 38-і қаза тапқаны белгілі болды. Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған. Өкінішке қарай бортта болған Қазақстан азаматтарының барлығы қайтыс болды.