26 жел, 2024 сағат 11:43

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды


Жедел іздестіру тобы 25 желтоқсанда Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағының қара жәшігін тапты. Бұл туралы Ақтауда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен брифинг кезінде Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды ult.kz.

Сондай-ақ апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапқаны айтылды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Баку - Грозный бағыты бойынша ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады.