16 қаң, 2025 сағат 12:01

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қара жәшіктер Қазақстанға қайтарылды

Фото: ТЖД

Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты қара жәшіктер комиссияға тапсырылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

“Ұшақ апаты болған күні әуе кемесінің апатқа ұшырауын тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның басты қызметі – қара жәшіктерді анықтап, тіркеу. Чикаго халықаралық азаматтық авиация ережелеріне және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес, қара жәшіктер бразилиялық тараптан алынып, қорытынды шығару үшін арнайы комиссияға тапсырылды", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеудің жан-жақты және толық өтуін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, құқықтық ынтымақтастық аясында Әзірбайжан мен Ресейге халықаралық тергеу сұраулары жіберілді.