АҚШ Ауғанстандағы соғыс кезінде америкалық әскерге қызмет еткен ауған азаматтарының кемі 50 мыңын паналатпақ. Бұл туралы АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің басшысы мәлімдеді, деп жазады Азаттық.
Ондаған мың ауған АҚШ-қа жетіп үлгерген. Олар қауіпсіздік тексерістерінен өтіп, елдің әскери базаларына жайғастырылған. Қазір оларға медициналық қызмет пен миграция құжаттарын тапсыруда көмек көрсетіліп жатыр.
Мәлімдемесін 3 қыркүйек күні жасаған Ішкі қауіпсіздік департаментінің хатшысы Алехандро Майоркас тағы қанша ауған келетінін, эвакуация қаншалық ұзақ жалғасатынын нақтыламады.
Оның сөзінше, эвакуацияланған ауғандардың кейбірі транзит елдерінде қалып қойған, оған ол азаматтар туралы "бейәдеп ақпараттың" анықталуы себеп болған. Мекеме басшысы одан әрі нақты ақпарат айтпады.
"Елімізге қызмет еткендерді қолдауға, қорғауға міндеттіміз" деді Ішкі қауіпсіздік департаментінің хатшысы. Майоркастың өзі де АҚШ-қа бала кезінде босқын болып келген.
