07 қыр, 2021 сағат 02:17

АҚШ елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер дипломатиялық миссиясын аяқтайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозермен кездесті. Сонымен қатар, әкім Алматыдағы АҚШ-тың жаңа бас консулы Кэролайн Сэвиджбен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылағанын жазды.

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. 2011-2015 жылдары АҚШ-тың Молдовадағы елшісі болған.