Ақмола облысындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ақмола облысы аумағында әуе-химиялық жұмыстар жүргізу кезінде АН-2 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша («Теміржол, әуе және су көліктерін пайдалану ережелерінің сақталмауы») қылмыстық іс қозғалды», - делінген көлік прокуратурасының мәліметінде.
Ведомствоның хабарлауынша, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел тексеру тобы құрылған.
«Әуе апатын тексеру барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында», - делінген ресми ақпаратта.
Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, екі экипаж мүшесі түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, экипаж мүшелерінің жағдайы өте ауыр.