24 шіл, 2019 сағат 15:15

Ақмола облысында браконьерлер жаралаған инспектордың жағдайы белгілі болды

Браконьерлер жаралаған "Охотзоопром" қорықшысының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратХабар24-ке сілтеме жасап.

Самат Оспанов қазіргі уақытта Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделуде.

Телеарнаның мәліметінше, кеуде тұсы мен сол иығынан жарақаттанған инспекторды медициналық мекемеге санавиациямен жеткізген.

Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Дегенмен оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Әзірге Оспанов травмотология бөлімінде болады. Оның, есік алдына күзет қойылған.