25 ақп, 2025 сағат 16:07

АЭС: Қазақстан алғашқы атом электр станциясының құрылыс орнын ресми түрде анықтады

Фото: Pixabay

Қазақстан үкіметі елдегі алғашқы атом электр станциясы салынатын орынды ресми түрде бекітті. Бұл туралы нормативтік-құқықтық актілер базасында жарияланған қаулыда көрсетілген, деп хабарлайды Ult.kz.

«Алматы облысының Жамбыл ауданында „Атом электр станциясы“ ядролық қондырғысын салу туралы шешім қабылдансын», — делінген құжатта.


Қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданып, оған премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Алайда құжат бүгіннен бастап, ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

8 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді ұсынды.