10 қаң, 2025 сағат 14:39

8 күнде 29 бала қар құрсауынан құтқарылды


Фото:inbusiness.kz

Қысқы кезеңнен бастап құтқару бөлімшелері 1 210 адамды, оның ішінде 120 баланы құтқарып эвакуациялады деп хабарлайды Ult.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайларды жою департаменті басқарма бастығының міндетін атқарушы Дидар Кажкеновтың айтуынша қар құрсауынан 166 бірлік техниканы шығарылды. Эвакуацияланған адамдар ыстық тамақпен және жылы заттармен қамтамасыз етілген жылыту пунктінде  орналастырылды. Биылғы жылдың сегіз күні ішінде құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 224 адам, оның ішінде 29 бала құтқарды және эвакуациялады, 32 бірлік техника шығарылды. Қыс мезгілінде зардап шеккен адамдар үшін жолдарда 1 548 жылыту пункті дайындалды. Сонымен қатар, қолданыстағы 40 трассалық медициналық-құтқару пункттері жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.

 Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы  Елдос Зияда: "ТЖМ жылыту маусымындағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөледі. Профилактикалық іс-шаралар жылыту маусымы оған дейін басталып, өтуі кезеңі бойы жалғасады. Профилактикалық жұмыс барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының 100 мыңнан астам үйі қамтылып, 278 мыңнан астам адам нұсқаулықтан өтті. Биылғы жылыту маусымына дайындық және өтуі барысында тұрғын үйлерде 30 мыңға жуық ерте құлақтандыру құралы орналастырылды. Желтоқсанда өрт қауіпсіздік айлығы өтті. Осы ай ішінде ТЖМ профилактика ретінде аулаларды аралады, оның барысында тұрғындар өртке қарсы консультация алды", -деп отыр. 

Дегенмен барлық жерде жүрігізіліп жатқан шараларға қарамастан 2024 жылы тұрғын секторда 6 964 өрт (2023 – 6909, +1%) тіркелді, онда 288 адам қайтыс болды (2023 – 298, -3%), 251 адам (2023 – 251) жарақат алды. ТЖМ бөлімшелері өрттен 1000 астам адамды құтқарып, 6860 адамды эвакуациялады. Жылыту құралдарын, электр құрылғылары мен желілерін  монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзушылық, сондай-ақ отты абайсыз пайдалану тұрғын үйлерде өрттер туындауының негізгі себептері болып табылады.

  Өз кезегінде Талғат Жамбауов ТЖМ «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының жалғасып жатқаны туралы ақпараттандырды.  Акция аясында құтқарушылар мобильді топтардың құрамында еліміздің  су айдындарында 8 мыңнан астам рейд пен патрульдеуді жүзеге асырды. Рейдтер барысында мұзда үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 55 мың адамға нұсқау берілді. Олардың жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Айта кету керек, мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде болады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек акция кезеңінде 256 хаттама жасалды, жалпы сомасы 5,5 млн. астам теңге айыппұл салынды.

 "ТЖМ өз кезегінде елімізде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда. Сонымен қатар қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы «112» бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз. Сонымен қатар қараңғы уақытта және нашар көрінген кезде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады. Балаларды ешқашан мұзда қараусыз қалдырмаңыз!" деп ескертеді мамандар.