06 мам, 2020 сағат 08:38

7 өңірде ауа райы бұзылады – ТЖК ескерту жасады

Қазақстанның 7 өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

6 мамырда Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл соқса, Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бүгін Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райы болжамын назарда ұстауға шақырады.