07 қыр, 2021 сағат 14:53

6 қазанда Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді


6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді. 

«Биыл 6 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын өткізу жоспарланған. Бұл шараны қазіргі жағдайды ескере отырып, аралас форматта өткізуді жоспарлап отырмыз, яғни кейбір қатысушылар онлайн-форматта қосылады», - деді Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, талқылаудың басты тақырыптарының бірі – постковидтік кезеңде съездің бейбітшілікті дамытудағы рөлі болмақ.