Фото: e-auction.gosreestr.kz
Швейцариялық Richard Mille бренд сағатының құны 394 миллион теңге және одан да көп соманы ұсыну үшін қазақстандықтардың ешқайсысы аукционға қатысқысы келмеді. Енді сатушылар "миллиардер сағаты" атанған тауардың бағасын түсіріп сатуға тырысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"6 маусымда өткен бағаны көтермелеп сату әдісі бойынша аукцион сәтсіз өтті деп танылды. Оған себеп - тіркелген қатысушылардың жоқтығы", - деді Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдері.
Келесі аукцион 30 маусымға жоспарланған, ол голландиялық әдіспен өтеді. Оның ережелері мынадай:
"Екінші аукционға жылжымайтын мүліктің бағасын түсіру әдісі бойынша бағалау бағасының 50 пайыз болатын ең төменгі сомамен аукционға шығарылады. Мүліктің бастапқы бағасы бағалау бағасын үшке тең көбейткішке көбейту арқылы анықталады. Ең төменгі баға бастапқы құнының 50 пайызын болса, онда 197 миллион теңге болады.
Егер сату объектісінің бастапқы немесе бұрынғы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100 000-нан 250 000 еселенген мөлшеріне дейін болса, өзгерту қадамы бағаны бес пайызға төмендету әдісімен аукционда белгіленеді", - деді ведомство.
Егер сағат осы аукциондарда сатылмаса, онда олар сауда ұйымына сатуға беріледі. Соңғысы тауарды бастапқы бағаның 50 пайызына өтеуі керек. Оның үстіне, бұл соманың 30 пайызы бірден, ал қалғаны жеке аукцион сәтті өткеннен кейін төленуі тиіс. Мүлікті қандай ақшаға сату керектігін сауда ұйымының өзі шешеді.
Осыған дейін қазақстандағы мемлекеттік органдардағы шенеуніктер арасында әйгілі швейцариялық Richard Mille брендінің супер-жеңіл сағаттарын сатып алуға ешкімнің құлшынысы жоқ екенін хабарлаған едік. 394 миллион теңгенің тауарын "миллиардер сағаты" деп атайды. Оның қолмен жасалған көміртекті корпусы бар. Бауы көміртекті кірістіру арқылы тоқыма материалдан жасалған. Сағат 30 метр тереңдікте су өткізбейді және эксклюзив: осы сағаттың қазіргі күні бар болғаны 50 данасы бар.
Richard Mille брендін әлемнің атақты адамдары тағады. Оның ішінде Рафаэль Надаль, Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэтхэм, Джеки Чан, Дрейк, Эд Ширан, Илон Маск, Флойд Мейвезер, Роберто Манчини, Фелипе Масса, Алексис Пинтуро, Кевин Харт, Дмитрий Песков. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, сонымен қатар Катар ханзадалары Джоан бен Хамад пен Халифа бин Хамад.