12 ақп, 2021 сағат 10:32

2025 жылға қарай 600 мың гектардан астам жаңа суармалы жер игеріледі

2025 жылға қарай 600 мың гектардан астам жаңа суармалы жер игеріледі. Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2025 жылға қарай 600 мың гектардан астам жаңа суармалы жер игеріледі. Бұл қосымша шамамен 70 мың отбасшылық шаруашылық құруға мүмкіндік береді. Жалпы халық саны 900 мыңнан асатын 246 ауылға газ тартылады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай газдандыру деңгейі 60 пайызға жетеді», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында. 

Оның атап өтуінше, жаңа өңірлік стандарттарғасәйкес, еліміздің барлық өңірінде 3,5 мыңнан астам ауыл жаңғыртылады. 

«2025 жылға қарай халықтың 99 пайызына жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болады. 2025 жылға қарай отандық нарық өзіндік өндіріс есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етіледі», - деді Асқар Мамин.