2024 жылы аудан әкімдерінің сайлаудың пилоттық жобасы енгізіледі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру. Сондықтан саяси реформалар жалғасады. Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырамыз. Бұл – мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы. Азаматтарымыз бұл ұстанымды қолдап отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің сөзіне қарағанда, бұған дейінгі ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі өз тиімділігін көрсеткен.
«Бұл – менің былтырғы Жолдауымда айтылған саяси реформаның негізгі мәселесі. Осы шешім ауыл халқының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астамының мүддесіне тікелей ықпал етеді. Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы азаматтар пилоттық режімде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады», - деді Мемлекет басшысы.
