"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады

"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады
ашық дереккөз

Нұрәлі Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында адамның ішкі өзгерісі мен рухани тазаруы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz. Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол жазбасында қазіргі кезеңді кейінге қалдыруға болмайтын уақыт деп сипаттап, адам өз өмірін автоматты түрде емес, саналы түрде сүре бастауы керек екенін айтты.

Әлиевтің сөзінше, әлем өзгеріп жатыр, ал бұрын еленбей келген ішкі қорқыныш, өкпе, ашу, қызғаныш пен бейберекет ойлар енді адам бойында салдарсыз қала алмайды. Сондықтан ол әр адамға ойы мен ниетін, жүрегі мен ішкі энергиясын таза ұстауға мән беру қажет екенін жазды.

"Егер ішіңізде өзгеріске деген үнді сезсеңіз, оны елемей жүре бермеңіз. Бұл кездейсоқ емес. Бұл – жаныңыздың өз болмысыңызды еске салуы", – деген ой айтты ол.

Сондай-ақ Нұрәлі Әлиев өзгерісті кішігірім қадамдардан бастауға шақырды. Атап айтқанда, ойды бақылау, кеңістікті тазарту, ренішті жіберу, қорқынышты күшейтпеу, өзін дамыту және шынайы болмысқа қайта оралу маңызды екенін жеткізді.

"Жаңа әлем сыртта емес, адамның өз ішінен басталады. Ішкі трансформацияны неғұрлым ерте бастасаңыз, болып жатқан өзгерістерден соғұрлым жеңіл өтесіз", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев – Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі.