08 там, 2018 сағат 08:57

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Серғазы Бағдатұлы Омаш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Серғазы Омаш 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (экономист), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (инженер) және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Фемида» заң академиясын (заңгер) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша Салық комитетінің ақпараттық қамтамасыз ету және есеп бөлімінде салық инспекторы ретінде бастаған.

2001–2009 жылдар аралығында Қарағанды облысының Қарағанды қ. байланыс және ақпараттандыру басқармасында, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде жұмыс істеген.

2009–2010 жылдары Астана қ. ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2010–2012 жылдары — Астана қ. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы.

2012–2013 жылдар аралығында — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.