14 қар, 2018 сағат 10:04

Жақсылық Қазымұратұлының үшінші жыр жинағы жарық көрді

Жас ақын Жақсылық Қазымұратұлының "Әпке" атты жаңа жыр жинағы оқырманға жол тартты. 24 қараша күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы кітапханада туындының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Кеш барысында ақынның жаңа өлеңдері оқылып, ән шырқалады, күй шертіледі. Кешке белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Басталуы - сағат 16:00-де. 

Кітап "Muqaba" баспасында дайындалған. Таралымы 1000 дана.

Айта кетсек, Жақсылық Қазымұратұлы 1990 жылдың 23 қыркүйегінде қазіргі Қытай Халық Республикасының Шиху қаласында дүниеге келген.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған. Бұған дейін "Қарала сырмақ", "Жапырақ жауған күз" атты жыр жинақтары жарық көрген. Бүгінде "Аңыз адам", "Жұлдыздар отбасы" журналдарында қызмет етеді.