#
#
Сейсенбі 13/11/2018

Ясауи туралы фильм түсірілмек

  • 13.09.2018
  • 0
  • 1831

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Әлтаевпен жолықты.

Басқосуда қонақтар Түркістанның тарихи маңыздылығы мен рөлі жайында сөз өрбітті. Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түркістанды түлетуге бағытталған ой-пікір, жобаларды бірлесіп іске асыру қажеттігін айтты.

Кездесуде режиссер Сергей Әзімов қазіргі таңда Отырар ауданында ғұлама ғалым Әл-Фараби хақында деректі фильм түсіріп жатқандығын жеткізіп, алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Ясауи жайында туындылар жасауға ниетті екендігін білдірді.


«Ясауи бабамыздың балалық шағынан басталып, тұлға ретінде қалыптасуы және сол кездегі Яссы өңірі жайлы тарихи туынды түсіруді жоспарлап отырмыз. Бұл фильмде ғұламаның қалыптастырған ілімі, мектебі, шығармалары қамтылатын болады. Сондай-ақ, осы күнгі Түркістанмен байланыстырып, күллі түркінің ордасына айналған Тұранның бейнесі көрсетілмек», - деді Сергей Жұмабайұлы.

Сонымен қатар, басқосуға қатысқан ғалым Жақыпбек Алтайұлы Түркістанның тарихына арналған халықаралық ғылыми жиындарды ұйымдастыру қажеттігін тілге тиек етті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар