#
#
Дүйсенбі 16/12/2019

Вице-министр Шымкентте бас дәрігердің ұсталуына пікір білдірді

  • 20.11.2019
  • 0
  • 205

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы бас дәрігері Абылай Донбайдың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған оқиғаның себебін өздеріңіз білесіздер. Дегенмен түсінік бере алмаймын, заңнама қылмыстық істің мән-жайын ашуға тыйым салады. Бұлтартпау шарасы адам ағзасын заңсыз трансплантациялау фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске сәйкес іске асырылуда», - деді Жақыпов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол бас дәрігерге қатысты қамауға алу шешімі қабылданғанын еске салды.

Сонымен қатар, министрдің орынбасарынан тілшілер операция жасау үшін А. Донбайды босату мүмкіндігі туралы сұрады.

Р. Жақыповтың сөзіне қарағанда, егер де қылмыстық істі жүргізу процесінде осындай өтінішхат болса, онда бұл өтініш қарастырылуы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 қарашада ҚР ІІМ Тергеу департаменті Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Донбай Абылай Әбдіжаппарұлын ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Оған ҚР ҚК 264-бабы 2-тармағында (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116-бабы 3-тармағында (адам ағзасын заңсыз алу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берді деген айып тағылуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар