#
#
Cәрсенбі 13/11/2019

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі төмендейді

  • 12.09.2019
  • 0
  • 127

Республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2020-2021 жылдары 2,7 трлн теңге мөлшерінде айқындалды.

Бұл туралы елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Макроэкономикалық болжамның негізінде 2020-2022 жылдарға арналған бюджет параметрлері мен Ұлттық қордың болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді қоспағанда) 2020 жылы 8 трлн теңге сомасында, 2021 жылы – 8,6 трлн теңге, 2022 жылы – 9,4 трлн теңге сомасында болжанады», - деп тоқталды М. Такиев Парламент Мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті 2020-2021 жылдары 2,7 трлн теңге мөлшерінде, ал 2022 жылы 2,6 трлн теңгеге дейін төмендетумен айқындалды.

«Осыны ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы әзірленді. Ұлттық қорды жоспарлы пайдалану Ұлттық қордағы қаражаттың төмендетілмейтін қалдығы бойынша шектеудің орындалуын (ЖІӨ-нің кемінде 30%) қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді М. Такиев.

Вице-министрдің айтуынша, бюджет тапшылығы 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,1%, кейіннен 2021 жылы – 1,5% дейін және 2022 жылы – 1 % дейін төмендетілген мөлшерінде белгіленді.

«Осы параметрлерді есепке ала отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,7 трлн теңге, 2021 жылы 13,2 трлн теңге, 2022 жылы – 13,6 трлн теңге көлемінде белгіленді», - деді Мәди Такиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар