#
#
Сейсенбі 22/10/2019

Ұлттық банк Қазақстанның «жаңа валютасы» жөнінде түсінік берді

  • 28.06.2019
  • 0
  • 2067

ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік желілерде тараған «алтын» валютасы жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде теңгенің құнсыздануы мен Қазақстанның жаңа валюта - алтынға ауысатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Аудиохабарламадағы белгісіз дауыс кезекті рет қазақстандықтарды доллар сатып алуға үгіттейді және қарызға автокөлік, пәтер алуға кеңес береді. Ұлттық банк бұл ақпараттың жалған, арандатушылық пен экономикалық қаскүнемдікке шақыратынын мәлімдейді», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Қасақана жалған ақпарат таратушыларды анықтау мақсатында банк құқыққорғау органдарына жүгінген.

«Ұлттық банк аудиожазбадағы дауысты таныған адамдарды банктің телефонына немесе әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына хабарласуды сұрайды», - деді қаржы институтынан. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар