10 қаз, 2019 сағат 15:45

Үкімет пен Еуропа ядролық зерттеулер ұйымы арасындағы келісім ратификацияланды

ҚР Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.