21 мау, 2017 сағат 10:35

ҰБТ-ның алғашқы күнінің нәтижелері белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа форматтағы ҰБТ-ның бірінші күнін қорытындылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоның мәліметі бойынша, кеше өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (1-лек) өтініш берген 16468 түлектің 15862-і (96,3%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 12633, орыс тілінде – 3229 адам. ҰБТ 42 өткізу пунктінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін 3 адам аудиториядан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды.

ҰБТ-ның бірінші күнінде 22696 тыйым салынған зат алынды.

Орташа балл – 75,53.

Биыл 92827 түлек ҰБТ тапсырады, оның ішінде: 69209 – қазақ тілінде және 23618 – орыс тілінде.

Айта кетейік, ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92 827 түлек тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23618 - орыс тілінде.