06 мау, 2019 сағат 10:54

Түркі кеңесінің өкілдері Әміржан Қосанов штабында болды

Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың штабында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды кандидаттың баспасөз қызметі.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясы делегациялары ҚР президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық штабына келді.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау миссиясы аясында ұйым өкілдері штабтың жұмысымен танысты.

Кездесу барысында кандидат сайлауалды платформасындағы негізгі бағыттар, өңірлердегі жұмыс және жуық арадағы өз жоспарлары туралы айтып берді.

Тараптар сайлауалды кезеңде жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.