15 мау, 2019 сағат 08:10

Тоқаев Душанбеде АӨСШК саммитіне қатысады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысы АӨСШК отырысында сөз сөйлеп, саммит аясында Ауғанстан Премьер-министрі Абдулла Абдулламен және Катар Республикасының әмірі Шейх Тамим бен Хамад әл Танимен екіжақты кездесу өткізеді.

Саммит Душанбедегі «Кохи Навруз» сарайында өтеді.