#
#
Сенбі 15/12/2018

Сағынтаев «Шеврон» компаниясының басшысымен кездесті

  • 04.04.2018
  • 0
  • 1213

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Кездесу барысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан экономикасына жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және компаниямен арадағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, «Шеврон» компаниясы «Pacific Oil Coast Co» атауымен 1879 жылы құрылған. Бүгінде ол - әлемдегі бесінші ірі интеграцияланған энергетикалық компания және Каспий аймағында жұмыс істейтін жетекші жеке мұнай өндіруші. Компания мұнай мен газды өндірумен және өңдеумен, мұнай химиясымен, электр энергиясын өндірумен айналысады, геотермалдық энергия және биоотын саласында жұмыс жүргізеді.

Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында орналасқан (Калифорния, АҚШ), операциялары әлемнің 180 елінде жүргізіледі. Қызметкерлер саны шамамен 62 мың адам. Компания капиталы $232 млрд құрайды.

«Шеврон» көмірсутектерін барлау және өндіру бойынша 20-дан астам елде (Қазақстан, АҚШ, Австралия, Канада, Қытай, Бразилия, Аргентина, Таиланд, Нигерия, Ангола, Конго, Ұлыбритания және т.б.) жұмыс істейді.

Қазақстанда Chevron компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС, Қарашығанақ жобасына және Каспий құбыр консорциумына қатысады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар