14 ақп, 2019 сағат 14:57

Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды жаңғырту саласында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия — консультациялық-кеңестік орган. Отырыстардың мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін және тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі шешімдерді әзірлеу және қабылдау.