04 мау, 2019 сағат 10:40

Сәдібек Түгел Қабанбай батыр ауылында сайлауалды бағдарламасын таныстырды

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектепте ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы үміткердің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сәдібек Түгел жиналған көпшілікке сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ұлттық құндылықтар жөнінде сөз қозғады. Ол бағдарламасында көрсетілген жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын көтеру, ауылды көркейту, жұмыссыздықты жоюға қатысты міндеттерге тоқталды. 

Жиында сонымен қатар, кандидаттың сенімді өкілдері Базаргүл Үмбетова, Бақыт Мұхамедрахимова, Күләш Молдахметовалар сөз сөйледі. Бұдан кейін ауыл тұрғындары көкейдегі сұрақтарын қойды.

Кездесуден соң ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел және оның сенімді өкілдері Қабанбай батыр кесенесіне зиярат етті.