#
#
Жексенбі 08/12/2019

Райымқұлова ЮНЕСКО-ға мүше елдерді Абайдың 175 жылдық мерейтойына шақырды

  • 20.11.2019
  • 0
  • 288

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ның атқарушы директоры Одрэ Азуленің шақыруымен Мәдениет министрлерінің форумына қатысты. Париждегі ұйымның штаб-пәтерінде өтіп жатқан іс-шараға 150 мемлекеттің министрі жиналды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қоғамдық мәдениет әлеуметтік және қала өзгерісінің қозғаушы күші» атты сессияға қатысқан министр еліміздегі мәдениет саласының маңызды бағыттары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы аясында аталған сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды», - деп атап өтті Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, ведомство басшысы елімізде БҰҰ-ның тұжырымдамасына сай туризмді дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау және тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтты.

 

Сөз соңында Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ға мүше елдерді ұлы Абайдың 175 жылдығы мен «Екінші ұстаз» атанған әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін мәдени, ғылыми-танымдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

Ал ЮНЕСКО атқарушы директоры Одрэ Азулемен кездесу барысында министр Қазақстан мен ұйым арасындағы мәдениет және спорт саласындағы маңызды мәселелер мен әріптестік жайын талқылады. Келіссөз барысында жақында ғана Алматыда құрылатыны белгілі болған Халықаралық мәдени байланыстар орталығының алғашқы жобасы мен Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісті. Министр түркі әлемінің орталығы саналатын Түркістанды дамыту және Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қорғау ең жоғары халықаралық талаптарға сай жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Ақтоты Райымқұлова форум аясында өткізілген бірнеше іс-шараға қатысты. Олардың бірі - «Индиго бояуының ізімен» атты халықаралық көрмеде Айжан Бекқұлова мен Тамара Кәпқызының киіз басу өнері кеңінен таныстырылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар