#
#
Сенбі 21/10/2017

Qazkom акциялары Халық банкіне 1 теңгеге сатылады

  • 15.06.2017
  • 0
  • 1310

Қазкоммерцбанктің ірі акционерлері Халық банкімен сату-сатып алу келісімшартына қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Казкоммерцбанк" АҚ ("Казкоммерцбанк") бүгін Кеңес Рақышев пен "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ ("Халық банкі") арасында, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ ("Самұрық-Қазына") мен Халық банкі арасында сату-сатып алу келісімшарттарына қол қойылған.

"Осы шартқа сәйкес Рақышев пен Самұрық-Қазына қоры өздеріне тиесілі Қазкоммерцбанк акцияларының әр пакетін Халық банкіге 1 теңгеге сататын болды. Аталған сату-сатып алу келісімшарттарына қол қою 2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметімен, ҚР Ұлттық Банкпен, "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, Халық Банкі, "БТА Банк" АҚ және Қазкоммерцбанк пен Рақышев мырзамен қол қойылған Шекті Келісіммен қарастырылған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, банк өкілдері осы мәміленің аяқталуы алдын ала қарастырылған бірқатар шарттардың орындалуына байланысты екенін айтып өтті.

Олар: "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ның "БТА Банк" АҚ-нан жекелеген активтері мен талап ету құқығын сатып алуы; БТА Банктің Қазкоммерцбанк алдындағы 2,4 триллион теңге шамасында ссудалық берешегін өтеуі; Субханбердин мырзаға және "Орталық-Азия инвестициялық компаниясы" АҚ-на тиесілі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін Рақышев мырзаның сатып алуы және кейін оларды Халық банкіге сатуы және Қазақстанда бақылаушы органдардан стандартты және қолданылатын өзге де заңды рұқсаттарды алуы.  

Мәміле жабылған соң Халық банкі 96,8 пайыз үлесімен Қазкоммерцбанктің негізгі акционері болатыны айтылады. Банк өкілдерінің айтуынша, мәміле 2017 жыл ішінде аяқталады деп болжанып отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР