08 там, 2018 сағат 16:42

Президенттік клиникаға робот-хирургтар көмекке келмек

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында қызмет атқаратын дәрігерлер робот-хирургтардың минималды араласуымен ота жасайтын болады, деп жазады tengrinews.kz тілшісі.

Президент клиникасында робототехнологияларға арналған анықтама орталығын құру бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Робот-хирург маманды алмастырмайды, керісінше, оған әлдеқайда тиімді және дәлірек манипуляциялар жасауға көмектеседі.

Медицина тіліндегі мұндай операциялар лапароскопия деп аталады. Науқас адамның ішкі органдарына ота жасау үшін денесінде үлкен тілімдердің орнына шағын тесіктер жасалады. Роботталған хирургия гинекологияда, урологияда, асқазан және ішекті емдеу операцияларында қолданылады.

«Мұндай операцияларды жасағанда жарақаттану дәрежесі едәуір қысқарады, ал пациенттің денсаулығы тез арада қалпына келеді. Хирург өз кезегінде робот жүргізген манипуляцияларды басқарады. Бұның бірнеше артықшылығы бар: адамнан айырмашылығы робот шаршамайды; ол адамдарға тән қимыл-қозғалысты, ұзақ мерзімде нақты әрі дәл орындап отырады; оның құралдары манипуляция алаңында жараны жақсы тігуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, робот операциялық өрісті жақсы бейнелеуге көмектеседі, бұл дегеніміз хирургиялық қателіктерге жол бермейді», – дейді директордың хирургия бойынша орынбасары Серік Меңдіқұлов.

Референс орталық деп аталу себебі, ол жерде тек қана ота жасалып қоймайды, сонымен қоса жаңа технологиялармен жұмыс істейтін хирургтерді де үйрету сабақтары өтеді. Орталықтағы мастер-класстар қазақстандық және шетелдік мамандарға арналып өткізілетін болады.

«Кез-келген технологияны енгізгенде мамандарды оқытудан бастау керек. Біздің клиника дәрігерлерінің бірінші тобы осы күзде Еуропадан тәжірибеден өтуге барады: шетелден робототехникамен жұмыс істеу үшін оқу курсын өтеді. Ауруханада енгізілген технология мамандарымыздың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, науқастарды емдеу және оңалту сапалы болатынына сенімдіміз. Бұл орталық халықаралық деңгейде қызмет көрсететін болады», – деп мәлімдеді Дэвид Самадимен жұмыс бабындағы кездесуі кезінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының директоры Әмір Ахетов. 

Беделді американдық хирург ота жасайтын роботтардың медицинада пайда болғанынан бастап, олардың көмегімен жұмыс істейтін әлемдегі тұңғыш мамандардың бірі болды. Бүгінгі таңда ол 7 мыңнан астам отаны хирург-роботтардың көмегімен сәтті жасап шыққан.