05 қаз, 2017 сағат 15:10

Нобельдің әдебиет бойынша сыйлығы британ жазушысына берілді

Әдебиет бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын тегі жапон британ жазушысы Кадзуо Исигуро иемденді, деп жазады "Ұлт ақпарат" "Лента"-ға сілтеме жасап. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтындағы тікелей эфирде хабарланған.

Исигуро оқырмандарға "Біз жетім болғанда...", "Ноктюрндер: музыканың 5 тарихы және түннің басталуы", "Жанұялық кешкі ас", "Жерленген алып" романдары арқылы белгілі.

Швед академиясының хабарламасында сыйлықтың "автордың таңғажайып эмоционалды қуатқа ие романдарында әлем мен шыңырау арасындағы байланыстың бұлдыр бейнесін көрсете алғаны үшін" берілгені айтылады. 

Автор өзінің "Күнжарым" атты үшінші романы үшін Букер сыйлығын да жеңіп алған.

Еске сала кетейік, Нобель лауреаттарының есімі қазан айының басында белгілі болады. Сыйлықты табыстау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда, швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.

Биыл әр Нобель сыйлығының сомасы 9 млн швед кронын (1 млн АҚШ доллары) құрап отыр.

Бұған дейін химия, медицина және физика салалары бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі белгілі болған еді.

Былтыр, дәл осы уақытта Американ ақыны әрі музыкант Боб Дилан Нобель сыйлығының әдеби саладағы лауреаты атанған.