#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Назарбаев Жээнбековпен кездесті

  • 14.10.2019
  • 0
  • 135

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан түркі әлемінің барлық елдерімен серіктес. Мен Кеңестің көптеген институттарын құруға бастамашы болдым. Ең маңыздысы – елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Елбасының Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар