31 мам, 2019 сағат 15:22

Назарбаев университетінде Атлетика орталығы ашылды

Елбасы Назарбаев Университетінің жаңа Атлетикалық орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев Университетінің көпфункционалды жаңа спорт ғимаратына барды.

Оқу орнының Атлетикалық орталығында спортпен шұғылдануға қажетті инфрақұрылым, соның ішінде олимпиадалық бассейн, 660 көрерменге арналған арена, тренажер және жекпе-жек залы бар. Бұл нысан спорт индустриясының озық технологиясы бойынша жабдықталған.