05 қаз, 2018 сағат 09:02

Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бизнесті әкімшілік қысымнан, қылмыстық тергеуден қорғауды жоғарылату керек. 2019 жылы 1 қаңтардан бастап салық құқық бұзушылығы бойыша қылмыстық жауапкершілікке салынатын айыппұлды 5000 АЕК дейін көтеруді тапсырамын. Неге мен мұны айтып отырмын. Бүгінде басшылар құжатқа қол қоюдан қорқады. Ертең келеді де алқымынан алады. «Мен саған көрсетемін!» деп қорқытады. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осындай шенеуніктерді ұстап, қылмыстық іске тартуды тапсырамын. Мұндайды жасауды оларға кім рұқсат берді?», - деп атап өтті Назарбаев халыққа Жолдауында.