#
#
Бейсенбі 13/12/2018

Назарбаев мемқызметшілердің еңбекақы мәселесін шешуді тапсырды

  • 29.05.2018
  • 2
  • 3650

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасыға агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша  қолданылған шаралар жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа факторлы-баллдық төлем жүйесінің мемлекеттік қызметке енгізілуі жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы да баяндалды.

Қазақстан Президенті жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, тиісті алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтты.

"Барлық салада жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуге тиіс. Біріншіден, тиісті мониторинг жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жөніндегі мәселені шешу керек. Үшіншіден, басшылықтың жауапкершілігін арттыру маңызды", - деді Мемлекет  басшысы.

Кездесу барысында Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолында қолданылып жатқан шаралар мен оны халықаралық сарапшылар қоғамдастығының бағалау нәтижелері туралы мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. 

2 пікір

  • ЕрланCәрсенбі, 30.05.2018

    Алик Шпекбаев өзінің жұмысын білетін адам. Жобаларыңыз іске ассын!

  • АраCәрсенбі, 30.05.2018

    Жемқорлыққа қаррсы күресті ары қарай күшейте түсу керек деп ойлаймын. Ең бастысы, еліміз жемқорлықтан түбегейлі құтылса болғаны. Президентіміз осы залалды біржолата құртады деген ойдамын.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар