#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Назарбаев: Энергия тарифіне қатысты мәселе алаңдаушылық тудырып отыр

  • 07.11.2018
  • 0
  • 423

Коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің қорытындысы алаңдатып отыр. Бұл туралы Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолдауда халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты негізгі басымдықтар аталып өтті. Бұл жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге негізделді. Сондықтан коммуналдық қызмет жөніндегі шаруаны Бас прокурорға тексеруге тапсырма бердім. Сәйкесінше, тиісті тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі өте күрделі болғаннан кейін, осы мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына шығарып, сіздермен талқылауды ұйғардым. Бұл тұрғыда тұрғындардың әл-ауқатына қатысы бар электр қуаты мен жылу тарифі мәселесін қарайтын боламыз», - деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Президент Жолдауда табиғи монополия қызметінің тарифін белгілеу бойынша тәртіпті орнату туралы әдейі тапсырма бергенін еске салып өтті.

«Бас прокуратура тексерісінің нәтижесі қатты алаңдатады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялады.

«Астанаэнергосбыт» негізсіз тарифтің арқасында елорда тұрғындарынан 2,6 млрд теңгеге артық қаржы алғаны мәлім болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар