03 қаң, 2019 сағат 07:28

Назарбаев денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Елбасы денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген хабарламада.

Заңның мәтіні толығырақ баспасөзде жарияланады.