#
#
Жексенбі 17/12/2017

Назарбаев Ақмола облысындағы алтын өндіру зауытын іске қосты

  • 06.12.2017
  • 0
  • 360

Астанада өтіп жатқан «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы алтын шығаратын кәсіпорынды іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Телекөпір кезінде «Қазақалтын» ТМК» акционерлік қоғамының бас директоры Баламир Маханов жаңа зауыттың алдағы жұмысы жайында баяндады.

«Құрметті Елбасы! Сіздің индустрияландыру саясатыңыздың арқасында ТМД  арасында алғаш болып құрамында бағалы металдар бар техногендік минералды түзілістерді өңдеу кәсіпорнын ашқалы тұрмыз. Жоба іске қосылған соң 7 млн тонна өңдеуге мүмкіндік туады.  Алғашқы жылдары Доре қорытпасымен 4 тонна алтын, 2 тонна күміс өндіретін боламыз. Ал олардың елордамыздағы аффинаждау зауытында ары қарай өңделуі еліміздің алтын қорын толықтыруға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Әбішұлы, іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймын!», - деді Баламир Маханов.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы аталған кәсіпорынның үлкен жоба екендігін атап өтті.

«Бүгінгі күні алтын біздің валютамыздың негізі болып отыр. Қазақстанның әр жерінде 150-ден артық кен орны бар. Соның барлығын игеретін болсақ, өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің  байлығы одан ары көтерілетін болады. Төрт тонна алтын шығаратын болса, үлкен жоба саналады. Мен өте қуаныштымын. Барлықтарыңызды құттықтаймын. Қосыңдар!», - деп рұқсат берді ҚР Президенті. 

Айта кету керек, бұл техногендік минералды түзілістерді қайта өңдеу бойынша, кейіннен Доре қорытпасы түрінде алтын мен күмісті шығаратын республикадағы жалғыз кәсіпорын болып табылады.  Дəл осындай зауыттарды жылдың соңына дейін  Бестөбе жəне Жолымбет кенттерінде де іске қосу жоспарланған. Жобаның құны 30 584,8 миллион теңге тұрады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар