21 қар, 2019 сағат 13:25

Министр жүлдегер спортшыларға баспана беру тәртібін түсіндірді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жүлдегер спортшыларға баспана беру тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

«Заң жобасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне 10 жыл мерзімге жалға беру негізінде тұрғын үй ұсыну, сондай-ақ допинг-тестілерді сақтау мерзімі 10 жыл болуына байланысты осы мерзімге аталған тұрғын үйді иеліктен шығаруға тыйым салу көзделген. Егер осы кезеңде сынамаларда допинг анықталмаса, тұрғын үй спортшының меншігіне берілетін болады», - деді А. Райымқұлова Сенаттың жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері болып саналатын спортшы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, допингтік сынаманың нәтижесіне қарамастан, мұрагерлерінің тұрғын үйді өтеусіз алуы көзделген.