26 нау, 2019 сағат 22:55

Мемлекет болашағы білікті қадрлар қолында

ҚР Тұңғыш Прeзидeнті-Eлбасы Нұрсұлтан Назарбаeвтың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында жаңа формациядағы мeмлeкeттік қызмeтшілeр қалыптастыру қажeттігі, олар билік пeн қоғам арасын жақындатудың дәнeкeрі eкeндігі eрeкшe атап көрсeтілгeн. Мемлекеттік қызметші сапаны өмірлік стилі және негізгі ұстанымы етіп, өзін-өзі жетілдіруді басты қағидатына айналдыруы тиіс.

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, сондай-ақ қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің қажырлы еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында мемлекеттік аппараттың ішкі кадрлық мүмкіндіктері аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

Тәуeлсіздіктің aлғaшқы күндeрінeн-aқ Eлбaсы бaсты стрaтeгиялық міндeттeрді тиімді іскe aсырaтын, зaмaнaуи мeмлeкeттік aппaрaтты құру жұмысын нaзaрынaн тыс қaлдырғaн жoқ. Бұл oрaйдa, бірінші кeзeктe Прeзидeнттің бaстaмaсымeн көлeмді әрі тиімсіз бaсқaрудың әкімшілік тoбы oңтaйлaндырылып, тәуeлсіз Қaзaқстaнның жaңa жaғдaйындaғы сaяси бaғытын сaпaлы жүзeгe aсырa aлaтын мeмлeкeттік aппaрaт құру бaғытындa жұмыс жүргізілe бaстaды.

Тәуелсіз Қaзaқстaнның мемлекеттік қызметінің институциялaнуының бaстaмaсы әм aлғышaрты ретінде 1995 жылы қaбылдaнғaн зaңдық күші бaр «Мемлекеттік қызмет турaлы» Елбaсы Жaрлығын aтaп өтуге болaды. Сөзсіз, бұрынғы Кеңес Одaғының құрaмынa кірген елдердің aрaсындa сол кездері мұндaй инновaциялық құжaт қaбылдaғaн тұңғыш мемлекет Қaзaқстaн болды. Белгілі бір деңгейде, бұл қaдaм мемлекеттік қызметтің кaдрлық құрaмын нығaйтып, дaмуының негізіне aйнaлды.

Мемлекеттік саясат саласында қа­был­­да­натын шешімдер үшін жауап­кер­шілік сапасы мен деңгейін жақсарту мақсатымен «орталық-өңір» қағидаты бойынша орын ауыстыру практикасы күшейтіліп жатыр. Яғни, жоғары мемлекеттік органдардың қыз­меткерлері тәжірибе алу үшін аймақтарға жіберілетін болады. Өйткені мем­ле­­кеттік қызметкерлерді кезектен тыс ат­тес­­таттау қорытындысына сүйене келе, ми­ни­­с­трліктер мен комитеттер ап­па­рат­­­тарында өңірлерде белгілі уақыт аралығындағы жұмыс тәжі­ри­­бесі бар кадрлар мүлде жеткіліксіз екені анықталған. Бұдан біз өңірлік деңгейде іске асырылатын саясатты әзірлеуде аймақтарда қызмет атқаратын кадрлардың қадірі артқанын бағамдай аламыз. Сондай-ақ соңғы жылдары қызмет бабымен алға жыл­жы­­п, өңірлерден орталыққа ауысқан мемлекеттік қызметшілер қа­­­тары арта түскен. Санмен дәлел-дәйек кел­тір­­сек, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы орталыққа ауысқандардың үлесі 32 пайызға артқан. Яки 5 186 маманнан 6 826-ға  дейін көбейгенін аңғаруға болады. Олардың ішінде тө­мен­­гі қызметтерден жоғары лауазымдарға көте­рілгендердің салмағы басымырақ. Тиісінше, бұл көрсеткіш ішкі конкурс қорытындылары бойынша тағайын­дал­ған қызметшілердің жалпы санының 62,7 пайызын құрап отыр.

Білікті кадр – қашанда қоғамның барлық саласын дамыту жолында мем­ле­кет­тік қызметті тиімді әрі жүйелі ұйым­дас­ты­ру­дың кепілі. Өңір тәжірибесінен бөлек, мамандарды кәсібилендірудің маңызды бөлігі һәм негізгі ошағы – Президент жанындағы Мемлекеттік бас­қару академиясы мен оның филиалдары базасындағы кадр даярлау, қайта да­яр­­лау және білік­тілігін арттыру жүй­е­сі. Елбaсы жүк­теген мaңызды тaпсырмaны ор­ындaу үшін сaяси қызметкерлерге aрнaл­ғaн «Жaңa формaция бaсшысы» бaғдaрлaмaсы мен «A» корпусының лa­уa­­зымынa тaғaйындaлғaндaр үшін жүргізілетін aрнaйы қaйтa дaярлaу сыныптaры дa­йын­дaлды. Мысалы, 2018 жылы жоба­лық менеджмент бағытында 5 000-ға жуық қызметкер оқытылған болса, осы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 3239 мемле­кеттік қызметші қайта даярлау және білік­тілігін арттыру курстарынан өткен.

Елбасы Жолдауында үздік шетел­дік компанияларда жұмыс жасаған, елеулі қызметтік тәжірибесі бар немесе Дүние жүзінің жетекші білім ордаларында оқыған жеке сектор­да­ғы кәсіби мамандарды тартудың маңызды бастама екені көрсетілген. Сол себепті, көп кешіктірмей Мемлекеттік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі «тез жалдау» тетігін іске қосты. Бұл құрал арқылы мемлекеттік органдар конкурстан тыс негізде Пре­зи­дент жанын­дағы Кадр саясаты жөнін­дегі ұлт­тық комиссияның шеші­мімен креативті һәм тәжірибелі мамандарды та­ғай­ын­­дай алады.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта мемлекеттік қыз­меткерлердің білім деңгейі тұрақты, олардың 92 пайызының жоғары білімі бар. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда былтыр «Болашақ» бағдарламасы стипен­диат­та­рының үлесі 13 пайызға артса, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектері 3 пайызға көбейген.

Жұмыс тиімділігін арттыру

Мемлекеттік қызмет істері агентті­гі­­нің басты міндеттерінің бірі – ең­бек­ақы төлеудің жаңа жүйесінің тиім­­ді тұстарын зерделеу. Президент Әкім­ші­­лігінің жанынан жасақталған арнайы жұмыс тобы қанатқақты жобаны одан әрі жетілдіріп, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеп, ал мем­­ле­­кеттік органдар жаңа жүйе бо­йын­­ша төлемді қаржыландыру көз­де­­рін айқындауды жалғастырып жатыр. Бү­­гін­ таңда бюджетке түсетін жүктемені төмендету жолдары да белгіленген. Оның бірі - мемлекеттік мүлікті тиімді, яки ұтым­ды пайдалану болса, енді бірі - ве­дом­­стволық бағынышты ұйымдарды оңтайландыру ісі.

Бұл жұмыстардың Үкімет бекіткен Мемлекеттік органдардың штат­тық саны мен шығыстарын оңтай­лан­дыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын да атап өту керек.

Бірінші кезекте қайталанбалы функ­­ция­ларды алып тастау, басшы­лық құрамын қысқарту, сондай-ақ жекелеген бөлім­шелерді орталықтандыру тұрғы­сы­­нан басқару құрылымдары қайта қаралмақ. 2018 жылы үш әкімдікте, яғни Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында, содан соң Ақмола облысында трансформациялау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұл шаралар елорда әкімдігіне шамамен есептегенде 22,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты үнемдеуге мүмкіндік тудырды. Ал, Ақмола облысы бойынша басшылық лауазымдар мен атқарушы қызметтердің арақатынасы екі есе қысқарса, Алматы қаласы әкімдігінде персоналды басқа­ру­дың орталықтандырылған қызметі құрылды, сонымен қатар 6 басқарма таратылды.

Осы орайда айта кететін бір жәйт, тиімсіз шығындарды оңтай­лан­ды­ру есебінен үнемделген қаражаттың көп бөлігі қызметшілердің еңбекақысын көте­ру­ге бағытталады. Сөзсіз, жаңа жүйе еңбекақы­ны көбейтуді ғана емес, жұмыс тиім­ді­лі­гін арттыруды көз­дей­ді.

Қазіргі кезде бюджеттен қаржы­лан­ды­рылатын қоғамдағы негізгі жұмыс түрлері, атап айтар болсақ, жолдарды жөндеу, жылу, электр энергиясын беру, көшелерді тазалау, сумен жабдықтау және тағы басқа осындай маңызды қызметтер халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Дегенмен оларда мемлекеттік қызмет мәртебесі жоқ. Сол себепті, шұғыл түрде «Мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтер туралы» заңды қайта қарап, оған «қоғамдық маңызы бар қыз­меттер» ұғымын енгізу ұсынылды.

Әдеп кодексінің талаптары қатаң сақталса

Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызметінде тұрақтылық және ауысу­дың төмен деңгейі анық байқалап отыр. Соңғы екі жыл ішінде кадрлардың қызметтен кету және бас тарту көр­сет­­кіші 6,2 пайызды құраса, өзге де теріс себептер бойынша ауысу 4,6 пайызға қысқарған. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметші азаматтармен тең қарым-қатынаста болуы, кез келген қиын жағдайдан жол таба білуі, сондай-ақ өз эмоцияларын басқара білуі керек. Өйткені мамандардың қай уақытта да Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы қатаң бақыланатыны белгілі.

Жақында ғана Мемлекеттік қызмет іс­те­рі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мем­ле­кет­­тік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Мадина Наурызбек 2018 жылы Әдеп жөніндегі комиссияның бес бірдей отырысы, биыл бір отырысы өткізіліп, оның барысында 18 мәсе­ле қаралғанын мәлімдеді. Соның нәти­же­сі бойынша Әдеп кодексін ашық бұзғаны үшін төрт қызметшіге ескерту жасалып, үш қыз­метшіге қатаң сөгіс жарияланған және бір қызметші өз лауазымынан боса­тыл­ған. Олардың атын атап, түсін түстеудің қажеті жоқ, әрине, дегенмен жол берген оғаш қылықтары мен олқы тұстары басқаға сабақ болуы керек. Мысалы, Парламент Сенаты аппаратының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кә­сіп­керлік комитетімен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің меңгерушісі өзінің қол астындағы қызметшілерге қатты тіл тигізіп, содан соң шындыққа сәйкес келмейтін жалған мәлі­мет­тер таратқаны үшін орнын босатқан. Сондай-ақ, Әділет минис­тр­­лігінің қос қызметкерінің тәртібі қатар қара­­лып, олар ведомствоның тәртіп­тік ко­мис­­сиясы отырысының жұмыс бары­сы­на заңсыз араласқаны үшін жауап­кер­ші­лік­ке тартылған. Ал биыл Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төраға­сының орынбасары көпшілік уақыт өткізетін қоғамдық орын­да мас күйінде көзге түсіп, оған қатаң сөгіс берілген.

Бұдан шығатын қорытынды, әр мемлекеттік қызметші өзін мем­ле­­кеттің һәм қоғамның айнасы ретінде сезі­ніп, Әдеп кодексінің талаптарын әрдайым назарда ұстағаны жөн. Өйткені маманның өз ісін жете меңгеруі­мен қатар, әділдік, салқынқандылық, қарапайым­ды­лық, адалдық, байсал­ды­лық сияқты қасиеттерімен беделі толысып, тұлғасы қалыптасады.

Асылбек Сағиұлы