05 қаз, 2018 сағат 08:49

Мемлекет басшысы отандық бизнесті одан әрі дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 5 жылға созуға тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра бастағанбыз. Өңірлерге сапарым барысында аталған бағдарламаның тиімді екеніне көзім жетті. Оны 2025 жылға дейін созу керек.

Бағдараламаны жүзеге асыруға қосымша жылына 30 млрд теңге бөлу қажет. Бұл 3 жыл ішінде қосымша 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бюджетке 224 теңге көлеміндегі салық түрінде ақша түсіруге, халық тұтынатын өнімдерді өндіруге 3 трлн теңге алуға жол ашады», - деді Президент Ақордада өтіп жатқан жиында.