28 жел, 2016 сағат 11:06

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге қатысты заңға қол қойды

- Мемлекет басшысы азаматтардың мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне түсу, сондай-ақ олардың өту тәртібін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Ұлт порталы